Illustration Жасақтау

Негізгі шығарындылар кадастры мен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Жұртшылық және мүдделі тараптардың қолдауымен Негізгі шығарындылар кадастры мен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Мүдделі тараптар және жұртшылық қолдауына қол жеткізу

Негізгі шығарындылар кадастры мен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу үрдісі көптеген ресурстарды қажет етеді.
Аталған мақсатты жүзеге асыру барысында қала әкімдігінің, әсіресе шағын қала әкімдігінің адами/қаржылық әлеуеті мен техникалық тұрғыдағы біліктілігі жеткіліксіз болуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Демеу көрсету қызметімен хабарласуларыңызды өтінеміз.

Жұртшылықтың араласуы да мінез-құлықтың өзгеруіне септігін тигізуде басты рөл атқарады. Уағдаластыққа қол қойған тарап ретінде сіз жұртшылықты үдеріске толық жұмылдыру және тарту үшін жауаптысыз. Ресурстарды тиімді пайдалану мен үйлестіруге бағытталған мінез-құлықты өзгертуге ынталандыратын таныстыру стратегиялары табыстың маңызды құрамдасы болып табылады!

Сұрақтарыңыз бар ма?

Уағдаластық үйлестірушілері

  1. Уағдаластық үйлестірушісі деген не?

Қуат ұйымдары

  1. Қуат ұйымдары Мэрлердің уағдаластығына неге қатысуы керек?
  2. Қуат ұйымдарының ықтимал міндеттері және тапсырмалары қандай?

Негізгі шығарындылар кадастрын құру

Жергілікті деңгейде қуат тұтыну және көмір қышқылы шығарындылары көптеген факторларға байланысты: Экономикалық құрылым, экономикалық белсенділік деңгейі, халық саны, тығыздығы, ғимараттардың сипаттары, түрлі көлік күйлерін пайдалану және жасақтау деңгейі, жұртшылық көзқарасы, климат, т.б.

Кейбір факторларға қысқа мерзімді ықпал етуге болады (мысалы, жұртшылық көзқарасы), ал басқа факторларды орта- немесе ұзақ мерзімді іс-шаралар арқылы басқару мүмкін (тұрғынүй қорының қуат тиімділігі).
Осы факторлардың ықпалын, олардың белгілі уақыт ішінде қалай өзгеретіндігін түсініп, жергілікті билік орган тарапынан аталған факторлардың қайсысы (қысқа, орта, ұзақ мерзім ішінде) жүзеге асырылатындығын айқындаған пайдалы. Негізгі шығарындылар кадастры (НШК) Мэрлер Келісіміне қол қоюшы тараптардың аймағында қуат тұтынуға байланысты көмірқышқыл газы СО2 (немесе көмірқышқыл газына тең) шығарындыларының мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар, көмірқышқыл газ шығарындыларының басты көздері мен оларды қысқартудың тиісті әлеуетін айқындайды.

Негізгі шығарытындылар кадастры Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеудің бастапқы нүктесі болып табылады, себебі ол көмірқышқыл газы шығарындыларына жауапты салалар туралы жиналған ақпаратты саралап, тиісті іс-шараларды таңдауға көмектеседі.

Қосымша ақпарат алу үшін техникалық қолдау тобына хабарласыңыз.

Ұзақ мерзімді стратегияның анық бағытының болуы

Залалсыз қуат болашағының бағыты Уағдаластыққа қол қойған тараптардың бағыттаушы қағидасы болып табылады. Ол барлық мүдделі тараптар анықтама ретінде пайдалана алатын біріктіруші құрамдас ретінде әрекет етеді; яғни жетекші саясаткерден жеке тұлғаға, жергілікті кәсіпорындар мен мүдделі топтарға дейін. Оны әрі жергілікті органды бүкіл дүниежүзіне жарнамалау үшін пайдалануға болады.

Бағытыңыз Мэрлердің уағдаластығы міндеттемелерімен үйлесімді болуы қажет, яғни, ол 2020 жылда көмір қышқылы шығарындыларын 20 % (кем дегенде) қысқарту межесіне жетуді көздеуі керек; бірақ бұл межені асыра орындауға болады.

Дұрыс бағыт дегенмен кейде жаңа құндылықтарды қамтитын немесе енді анық дәйектемесі жоқ кейбір ескі шектерді бұзатын шындық болып табылады. Ол қаланың қалаған болашағын сипаттайды және жұртшылық пен мүдделі тараптарға түсінікті ету үшін көрнекі түрде берілген. Бағытыңызды және мақсаттарыңызды Нақты, Өлшенетін, Қол жеткізілетін, Шынайы және Уақытпен шектеулі («SMART») сақтаңыз!

2020 жылы СО2 шығарындылары көлемінің артатындығын есепке алатын «дағдылы даму» ережесін негізге алып, СО2 шығарындыларын қысқарту бойынша шара қолдана аласыздар ма?
Бұл әдісті ағымдағы шығарындылардың деңгейі айтарлықтай төмен болған, бірақ келешекте шығарындылар көлемінің ұлғаюы болжалған жағдайда пайдалануға болады. Мысалы, белгілі бір мемлекеттің экономикалық даму кезеңінде (Нұсқаудың І-бөлім, 5-тарауын және ІІ-бөлімін қараңыз).

Сұрақтар?

  1. Ағымдағы шығарындыларының деңгейі айтарлықтай төмен болған, бірақ келешекте шығарындылар көлемінің ұлғаюы болжалған экономикалық даму үстіндегі мемлекеттер үшін қандай әдісті пайдалануға болады?

Ағымдағы іс-шараларға негізделу

Қалалық басқарма ішінде бір уақытта жоспарланатын бірқатар іс-шаралар мен саясаттарға қоса түрлі бөлімдердің жұмысында іскерлесу орын алуы мүмкін.

Қалалық басқарма жергілікті қуат пен климат өзгерісі мәселелеріне әсер ететін ағымдағы қалалық, аймақтық және мемлекеттік саясаттарды, жоспарларды, рәсімдерді және ережелерді айқындауы қажет. Айқындалған құжаттардағы мақсаттар мен межелерді шолып, тұрақты қуат жөніндегі саясатпен салыстыра аласыз. Барлық тиісті қатысушылар мен мүдделі тараптарды айқындалған ықтимал қайшылықтар мен іскерлесу мүмкіндіктерін талқылау үшін шақыруға болады.

Қаржылық ресурстарды бағалау және бөлу

Қаржылық ресурстарды ұзақ мерзімді стратегияны жасақтау және игеру үшін айқындау қажет, соның ішінде қалалық бюджеттен негізгі (қайта) бөлу, тиісті уақыт аралығы және ықтимал сыртқы қаржыландыру көздері.

Қосымша ақпарат алу үшін техникалық қолдау тобына хабарласыңыз.

Іс жоспарын жасақтау

Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспары Келісімнің стратегиялық мақсаттарын нақты белгілейтін жұмыс құжаты болып табылады.
Бұл құжатта оңтайлы қызмет көрсету салаларын анықтау және жергілікті билік органы тарапынан СО2 шығарындыларын қысқарту жолдарын айқындау мақсатында Сіздің шығарындылар кадастрларыңыздың базалық жыл ішіндегі нәтижелері көрсетіледі.
Іс-шаралар жоспары шығарындыларды нақты қысқарту шараларын, уақыт шеңберін, міндет атқару тәртібін белгілей отырып, ұзақ мерзімді стратегияны нақты іс-әрекеттерге айналдырады.

Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарларыңыздың пішімін дербес таңдауларыңызға болады (Іс-шаралар жоспарын бұрын әзірлеген болсаңыздар).

Уағдаластыққа қол қойған тараптар тапсырып қойған түрлі іс жоспарларына көз жүгірте аласыз – SEAP жоспарларының маңызды тұстары қол қойған тараптың тиісті шабыттандырушы профайлдарының астында жалпы қол жетімді! Әрі басқа қол қойған тараптар/қолдау құрылымдары игерген сәтті және қайталауға болатын іс-шаралардың кейбір нақты мысалдарын табуға болады – аймағыңызға қатысты мысалдарды анықтау үшін техникалық қолдау тобына хабарласыңыз!

Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу/жүзеге асыру үшін Келісімге қол қойған барлық тараптарға қолданыстағы түрлі әдістемелер мен құралдарға жалпы шолу беретін Еуропа Комиссиясының Біріккен зерттеу орталығы дайындаған есептемені қарау үшін осы жерді басыңыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспары (ТЭДІЖ)

  1. ТЭДІЖ деген не?
  2. ТЭДІЖ құрамына не кіреді?
  3. Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарына қай қызмет көрсету салалары енгізіледі?

Үздік тәжірибелер

  1. Үздік тәжірибелер деген не?
  2. Сіздің Үздік тәжірибеңізді қалай ұсынуға болады?
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық