Illustration Облыс немесе аудан ретінде

Мэрлердің уағдаластығының табысы ресурстарын және ноу-хауын қол қойған тараптар қызметіне ұсынған облыстардың, аудандардың және басқа осындай мемлекеттік органдардың белсене араласуының арқасында мүмкін болды. Комиссия тарапынан Уағдаластық үйлестірушілері ретінде танылып, олар құндылықтарды жеткізу және Уағдаластық әсерін арттыру ісінде басты одақтастар ретінде әрекет етеді.

Кім қатыса алады?

Облыстар, аудандар, қалалық аймақтар, жергілікті органдар тобы… Уағдаластыққа қол қойған тараптарға стратегиялық нұсқау, қаржылық және техникалық қолдау беруге ресми түрде міндеттеме алған мемлекеттік орган Еуропа Комиссиясы тарапынан Уағдаластық үйлестірушісі ретінде ресми түрде танылады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік ұйымдар «Аймақтық үйлестірушілер» ретінде қатысқанымен, министрліктер және қуат ұйымдары сияқты мемлекеттік деңгейдегі органдар «Мемлекеттік үйлестірушілер» ретінде қатыса алады.

Жергілікті және аймақтық қуат ұйымдары тікелей қатыса алмайды. Дегенмен, оларды әдетте мемлекеттік орган өз атынан қалалық басқармаларға қолдау көрсетуге міндеттейді. Олардың қатысуы бастама сәттілігіне маңызды болғасын, олардан өз облысын немесе ауданын қатысуға тарту сұралады.

Міндеттемелер қандай?

  • Мэрлердің уағдаластығын аймағындағы қалалық басқармалар арасында насихаттау және қол қойған қалалық басқармаларға қолдау көрсету және үйлестіру;
  • Келісімге қосылған, алайда қажетті ресурстары болмаған әкімдіктерге Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау үшін техникалық және стратегиялық тұрғыдан қолдау көрсету;
  • Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында қала әкімдіктеріне қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетіп, жағдай жасау;
  • Хабардарлықты арттыру үшін жергілікті қуат күндерін ұйымдастыруға көмектесу және ;
  • Қол жеткізген нәтижелер бойынша Комиссияға мерзімді түрде хабарлау және Уағдаластықтың стратегиялық игеруіне қатысу.

Әрекетсіздік немесе орындамау жағдайында Еуропа Комиссиясы облыстың немесе ауданның Уағдаластық үйлестірушісі ретінде қатысуын тоқтату құқығын сақтап қалады.

Өтініш қалай тапсыруға болады?

Уағдаластық үйлестірушісі статусын алуға мүдделі мемлекеттік әкімшіліктер мына үдерістен өтуі қажет:

  • Желілік қызығушылық таныту үлгісін толтырыңыз;
  • Жарамдылық расталғаннан кейін Еуропа Комиссиясы қол қоятын келісім үлгісін толтырыңыз;
  • Келісімге екі тарап қол қойғаннан кейін қол қойған тараптарға көрсетуге ниетті қызметтер мен қолдау туралы ауқымды ақпаратпен жаңадан жасалған желілік профайлдарын жаңартыңыз.

Неге қатысу керек?

  • Мемлекеттік қуат, экономикалық, әлеуметтік және климат өзгерісі мәселелеріне атсалысу.
  • Уағдаластық үйлестірушісі болудың артықшылықтары жан-жақты:
  • Еуропа Комиссиясының мақұлдауы мен тануы;
  • Халықаралық сахнада көрініп қалу мүмкіндігі, әсіресе Уағдаластық веб-торабында іс-шараларын ілгерілету арқылы;
  • Жергілікті органдар арқылы халықаралық қаржы ұйымдарынан және донорлардан қаржыландыруды тарту мүмкіндігі
  • Серіктестермен тәжірибе алмасу;
  • Жасақталған құралдар мен әдістемелер бойынша ғылыми-зерттеу және техникалық пікір;
  • Арнаулы талқылау топтарына, басқосуларға және басқа тәжірибе алмасу топтарына қатысу.
  • Соңғы болғанымен маңызды аймақтық игеру және жергілікті басқаруды күшейту
Twitter
Ұялы телефон
арқылы алмасу
Facebook
Уағдаластық бетінің
жанкүйеріне айналу
Жаршы
Айлық
жаршыға жазылу
RSS арналары
Жаңалықтарды
нақты уақытта алу
Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO   саяси қолдауымен Еуропа Комиссиясы – DG DEVCO саяси қолдауымен. Веб-торапты Мэрлердің уағдаластығы кеңселері үйлестіреді..
Жаңалықтар | Мәселелер | Торап картасы | RSS анықтамасы | Авторлары | Құқық